"ӨЗ ОЙЫМ" ЖАБЫЛУЫ ТИІС!

АРМАН СҚАБЫЛҰЛЫ:

Көпшіліктің, көрерменнің, әріптестердің пікіріне пысқырмайтыныңды білемін, Ләйлә Сұлтанқызы! Бірақ, Қазақстан Республикасы БАҚ туралы заңының 13 бабына сәйкес «...телерадиобағдарламаларда порнографиялық және арнайы сексуалды-эротикалық тақырыпты» насихаттағаныңыз үшін бағдарламаңыз жабылып, құрылтайшыларыңыз жауапқа тартылатынын неге білмейсіз? Ал, Қылмыстық Кодекстің 309 бабына сәйкес «жеңгетайлық» жасағаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айырады. Сіз шынымен керемет журналист болсаңыз эфирде сол сексуалды-эротикалық тақырыпты қозғап, абыройын сататын қызды жарнамалаған кезде осыны ойлауыңыз керек еді. Бұл мәселеге Ақпарат және Қоғамдық келісім министрлігі жауап береді деп үміттенемін.

ДАНА НҰРЖІГІТ:

"Мен "пәктігімді саудаға саламын" деген тақырыпта бағдарлама жасап, кейіпкерге ақша төлеп,"хабар жасадым" десем... Құдай қарттық беріп жатса,болашақта баламның бетіне қарай алмас едім. Нәжісті лоқсымай,жымиып қойып,езіп отырып, абыройды рейтингтен төмен қою үшін ет өліп кету керек!

АСХАТ САДЫРБАЙ:

Осы уақытқа дейін алдыңғы буын ғой, әріптес қой, өзім тв саласында жүріп әріптестердің кемшілігін айтқаным дұрыс болмас, солидарность сақтайық деп келдім. Бүгін "Өз ойым" бағдарламасында өзінің және құрбысының пәктігін саудаға салып бизнес жасап жүрген бикештің әңгімесін тыңдап,көріп шок болдым. Айналайындар-ау, бұл не масқара? Осы уақытқа дейін бұл бағдарламада қаншама арсыз нәрселер ашық насиxатталып келді, қоя ма десек жоқ, керісінше күшейіп барады ғой. Редакцияда бағдарламаны дайындап жатқанда бұл кейіпкерлердің әңгімесі жұртқа не береді, жастардың санасына қалай әсер етеді деп ойлайтын маман жоқ па сонда? Әлде рейтинг жинаудың ең арзан тәсілі ме? Сол рейтинг сіздерге қанша теңге табыс әкеледі, айтыңыздаршы? Бір қауым ел боп ақша жинап берейік, сіздер бұл бағдарламаны көрсетпей-ақ қойыңыздар.

НҰРБОЛХАН ШАРАПОВ:

Ұлттық идеологияны құртатын осындай бағдарламаларды эфирден алу керек. Қанша дегенмен демократия болса да, Біз қазақпыз намысын таптатпаған ұлы елдің ұрпағымыз. Қазақ халқы әу бастан қызға қырық үйден тиым деген. Қыз елдің айнасы деп ерекше көңіл бөлген. Қыздың абыройы қашанда жоғары тұрған. Сондықтан біз абыройын сататын адамдарды емес, абыройын қорғайтын адамдарды тәрбиелеу керекпіз. Бәлкім сіз бұл бағдарламаны білмейтінде шығарсыз. Білмесеңіз сізге көруге кеңес беремін. Абыройын сату деген не сұмдық? Соны жариялау кімге керек? Ертең осыны көрген қаншама жасөспірім мынау жақсы дүние екен деп сондай қадамға баруы бек мүмкін ғой. Өзіңіз айтыңызшы қоғамның дамуы үшін осы бізге керек па? Бұған бөлген ақшаға тәрбиелік мәні бар бағдарлама түсірсе сол пайдалы емес па еді? Өз ойым деп ойына келгенін жасап, аузына келгенін айта берсе бұдан ұлтқа не пайда?