Тоқаев еліміздің ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелерді талқылады

Мемлекет басшысы Ақордада бірқатар лауазымды тұлғаны қабылдады, - деп хабарлайды baq.kz.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны, Премьер-министр Асқар Маминді, Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконы қабылдады", - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.