Тоқаев желіде Тасмағамбетов, Мәсімов және Сағынтаевпен түскен суретін жариялады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов және президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаевпен бірге түскен суретін жариялады, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Фотода артқы фонда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, Қаржы министрі Әлихан Смайылов пен президент көмекшісі Тимур Сүлейменовті де байқауға болады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 3 сәуір күні Мәскеуге барып, РФ президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.