ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

7 сәуірде Қазақстанның медицина ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Биыл аталмыш күн «Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту: барлығы үшін және бүкіл жерде» айдарымен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде аталып өтеді. Атап айтқанда, Дүниежүзілік ден­саулық күнін мерекелеу шеңберінде елдің медициналық ұйымдарында 1-10 сәуір аралығында ашық есік күн­дері басталады. Әрбір ниет біл­діруші өзінің денсау­лы­ғының жай-күйі туралы арнайы мамандардың консуль­тациялық-диагностикалық және практикалық бейінді мамандардың көмегін тегін ала алады. Олар: офтальмолог, оториноларинголог, кардиолог, невропатолог, травматолог, педиатр, психиатр-нарколог, эндокринолог, балалар ортопеді, логопед, дефектолог және басқалар. Бұған қоса, Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде еліміздің барлық медицина ұйымдарында флешмобтар, жаттығулар, веломарафондар және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады. Жалпы білім беретін мектептерде Денсаулық елшілерінің, танымал спортшылар, әншілер, актерлердің қатысуымен жаттығулар өтеді. Денсаулық мектептерінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында халықпен медицина қызметкерлерінің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің «Уақтылы скрининг өту» тақырыбында кездесулер өтеді.

qazaquni.kz