"Біздің мадиярлар": Еліміздегі венгр диаспорасы туралы не білесіз?

Алматы қаласының Венгр этномәдени бірлестігі – Алматы қаласында тұрып жатқан венгр ұлтының және венгр мәдениетіне қызығушылық білдіруші басқа ұлттардың өкілдерін ерікті түрде біріктіріп отыр. Этномәдени орталық өз халқының тарихы мен мәдениетіне жақын болғысы келген, бірақ тағдырдың тәлкегі мен кездейсоқ жағдайларға байланысты өзінің тарихи Отанынан мыңдаған шақырым жырақта – біздің елімізде тұрып жатқан этникалық венгрлерге арналған.

Бірлестіктің мүшелері венгр ұлттық мәдениетінің жаңғыртылуы мен дамьггылуына, венгр халқының салтгары мен дәстүрлерінің сақталуына атсалысады.

Бұл этномәдени бірлестікті ұлттық тұрғыдан өзін-өзі тануға ғана емес, сонымен бірге барлық қазақстандықтарға венгрлер туралы мәлімдеп беруге құлшынатын адамдар құрғаны түсінікті. Өйткені баяғы СССР аумағындағы венгр этносы туралы ақпарат жоқтың қасында болғандықтан, біздің елімізде бұл халық туралы білетіндер әлі де аз.

Орталықтың міндеттері мен мақсаттары көп түрлі болғанымен де, бір мүддеге бағынады. Яғни, бірлестіктің басты мақсаты – Қазақстан мен Венгрияның ғылым, мәдениет, экономика және білім салаларындағы достық қарым-қатынастарын нығайту.

Бұның бәрі Қазақстан Республикасындағы Венгрияның елшілігі арқылы байланыстарды орнатусыз мүмкін болмас еді. Қазақстандағы Венгр Халық Республикасының елшілері: Торма Иожефпен, Шандор Шимичпен, Яцкович Миклошпен, Янош Неметпен, Балла Яношпен, сондай-ақ Имре Ласлоцкимен және елшілік пен консулдықтың басқа да қызметкерлерімен танысулар мен кездесулер әрқашан өте жылы шыраймен өзара түсінісушілікпен тұрақты түрде өтіп тұрды.

Одан соң венгр ағайындарды Қазақ елі ежелден «өзіміздің қандастарымыз, біздің мадиярлар» деп өте жақын тұтатыны көп жағдайды аңғартса керек.