Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшақ билеті 6999 теңге тұрады

Мұндай мүмкіндікті жаңадан ашылған FlyArystan әуе компаниясы ұсынып отыр, деп хабарлайды baq.kz.

"Бұл бағытта күніне екі рейс тұрақты ұшатын болады. Алғашқысы келесі айдың біріне жоспарланып отыр", - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Алматы - Нұр-Сұлтан бағытында билеттерді сатуға кірісті. Алғашқы әуелайнерінің ішіне 180 адам сыйып кетеді.