Қазақстан президенті Instagram желісінен парақша ашты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіне тіркелді.

Бұл туралы Facebook желісінде мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали айтты, - деп жазды stan.kz.

"Жақында мен өңір әкімдеріне халықтың сұрақтарына жедел жауап беріп, әлеуметтік желі арқылы азаматтармен жақын байланыс орнатуды тапсырдым. Сіздер білетіндей көп жылдан бері Twitter желісін пайдаланам. Елдегі болп жатқан мағызды оқиғаларға қатысты өз ойымды білдіріп отырам. Осы тәжірибемді Instagram желісінде де пайдаланудыжөн көрдім", - дейді ел пезиденті алғашқы жазбасында.

Мемлекет басшының аккаунты - @tokayev_online.