Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесі жұмысының нәтижелері, соның ішінде судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы баяндалды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.