«Қасым хан» туралы фильмнің кастингіне 34 мың адам қатысқан

Алматыда «Қасым хан» тарихи сериалына жарияланған кастинг аяқталды. 2 жарым айда ұйымдастырушылар Қазақстан бойынша 34 004 өтінім қабылдаған. «Кастинг біткен кезде біз 34 004  адамның үміткерлігін қабылдадық. «Қазақфильм» киностудиясына пробаға 7168 адам, электронды поштаға 7158 хат келген. 6045 үміткерден онлайн анкета қабылданды. Кастинг Қазақстанның 24 қаласында өтті», - тарихи сериалдың кастинг директоры Алма Баймұратова. Ірікітеу жұмыстары 25 қаңтардан 31 наурызға дейін жалғасты. Алма Баймұратованың айтуынша, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Петропавловск қалаларында халық өте белсенді болған. «Сәуірден мамырға дейін кастингтің екінші туры басталады. Келесі кезең видеотүсірілім ретінде өтеді. Аймақтарда бірінші кезеңнен өткендерді Алматыға шақырамыз», - деді ол. Кинокартинаның түсірілімі жазда басталады. Бірінші маусымы 25 сериядан тұрады. Қазақтың ұлы хандарының бірі - Қасым ханның өмірі туралы баяндайтын киножобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіреді. Жобаға танымал «Ертұғырыл» түрік телехихаясының режиссері Метин Гюнай шақырылды. Дереккөз: ҚазАқпарат