SAUMAL-ды Amazon интернет дүкені арқылы сатып алыңыз

Ұлттық өнімді әлемге танытып жүрген Қарағанды обылысы, Осакаров ауданынында орналасқан отандық өндіруші завод ТОО «ЕвразияИнвест ltd» жақында Америкадағы Калифорния штатының Анахайм қаласында өткен халықаралық деңгейдегі көрмеге қатысты.

Бұл көрменің деңгейі өте жоғары, Канада, Британия, Бразилия, Аргентина, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты экономикасы дамыған мемлекеттердің ең үздік ірі компаниялары, бизнессмендері, экспорт-импорт компанияларының топ менеджерлері қатысты.

«Отандық өндіруші бұл көрмеге апарған құрғатылған бие сүті SAUMAL мен дәл солай құрғатылған түйе сүті SAUBOTA-ны ұсынды. Сол көрмедегі келіссөздер негізінде, бұдан былай аталған отандық өнімдер Американың әлемге әйгілі AMAZON интернет дүкенінде сатылатын болды. Біздің отандық өнімді Американың кәсәпкерлері өте жақсы қарсы алды. Бұрын соңды естімеген, көрмеген ұнтақ түрінде шығарылатын табиғи өнім америкалықтар үшін соны жаңалық болды» - дейді компания өкілдері.

Көрме барысында көптеген халықаралық бизнесс компаниялармен келіс-сөз жүргізіп SAUMAL мен SAUBOTA-ның экспорттау мүмкіншіліктерін келесі қадамға шығарды.

«Алдағы уақытта Американың ірі кәсіпкер компанияларымен бірлесе отырып, Американың FDA сертификатын алуға әрекеттер жасалып жатыр. Егер бұл мәселе оңтайлы шешілсе, біз үлкен көлемде экспорттауға Американың мемлекеттік мекемелерінен рұқсат алуға мүмкіндік болады» - дейді компания өкілі.