Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай Шымкент–Ташкент халықаралық велошеруі өтті

Шымкентте «Өзбекстандағы Қазақстан жылына» арналған халықаралық велошеру өтті. Шеруді Шымкент қаласының велоспорт федерациясы ұйымдастырды.

Шымкент–Ташкент бағытындағы велошеру жолының ұзақтығы – 130 шақырым. Айта кетейік, игі дәстүрге айналған мұндай велошеру биыл екінші рет өттті.

2018 жылы Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында велоспортшылар Ташкент қаласынан Шымкентке шерумен жүріп келген болатын.

qazaquni.kz