Қазыбек Иса: ТӘУЕЛСІЗДІК атын жоюға тапсырма берген ӘКІМДЕР ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ қалай отырады?!.

Бөлісу:

Белгілі қоғам қайраткері, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Тәуелсіздік даңғылдарын өзгертуге шешім шығарған әкімдер мен мәслихат депутаттарын қызметтерінен кетіру керектігін айтты.

Бұл туралы ол «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде жариялаған мақаласында жазды, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

— Жарыс жанталасының  екпіні қандай болғанын Тәуелсіздік даңғылын өзгертуге аталмыш  мәслихаттарға бір сағаттың арасында ғана  уақыт жеткілікті болғанынан-ақ білуге болады… Ендеше осындай ғарыштық қарқынмен, Тәуелсіздіктің атын алып тастауға 28 минуттай уақыт жұмсаған Павлодар облыстық мәслихат  депутаттары  28 жылдан бері неге орыстың ауру  патшазадасының аты «Павлодарды»  алып тастай алмай отыр? — деп жазды Қ. Иса.

Қоғам қайраткерінің сөзінше, қасиетті ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АТЫН ҚОРҒАП, БІР ДЕ БІР ДЕПУТАТТЫҢ ШЫҚПАҒАНЫ біздің ұлтық қауіпсіздік деңгейіміз қауіпті жағдайда тұрғанын көрсетеді.

— Ендеше, бұндай мәслихат депутаттарының не керегі бар?!. Осы ТӘУЕЛСІЗДІК ұғымына қарсы шығып отырған  шешімдерімен  бұл мәслихаттар өзін-өзі таратуға  дайындап отыр ғой…  Мәслихат хатшылары мен депутаттар Әкімнің айтуынсыз аттап баспайтынын ескерсек, ТӘУЕЛСІЗДІК атын жоюға тапсырма берген, бастама көтерген ӘКІМДЕР  ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚ  ЕЛІНДЕ  қалай отырады?!. — деп ашық жазды ол.

Сонымен қатар, Қазыбек Иса Астана қаласы Nur-Sultan қаласы болып өзгерген соң, осы үш қаладағы Астана көшелерін  немесе өзге орталық көшелердің атауларын ауыстыруды ұсынды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы іс-сапары барысында жергілікті артқарушы биліктің үстінен шағым түскен жағдайда олардың жазаға тартылатынын айтқан болатын.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Зейнолла Абажан 1 Сәуір, 2019 19:29 Жауап

    Қоғамның сөзін, қоғамның талап-тілегін құлағына қыстырған билікті осы күнге дейін көрген емеспіз, ойларына келгенін істеп жатыр. Бұл жолы да Тәуелсіздік атауын аяққа таптаған түйсіксіз әкімдер мен депутатсымақтардыңдың қылшығы да қисаймайды. Ол айдай анық нәрсе. Жоғарыдағы билік қарсы дау айтамын десе осыған жол берген облыс, қала әкімдері мен депутаттарды орнынан алып тастасын, сол кезде оларға аздаған сенім пайда болады. Бірақ олар оны істей алмайды. Сондықтан әкімдер мен депутаттарды халықтың өзі сайлауы керек.

  2. Зейнолла Абажан 1 Сәуір, 2019 19:34 Жауап

    Тағы да айтамыз, Тәуелсіздіктің қадыр-қасиетін түсінбеу – топастық. Тәуелсіздік атауын қорлауға ешкімнің қақысы жоқ, тіпті ол басы алтын басшы болса да. Қоғамның Тәуелсіздік атауын қалпына келтіру талабы орындалсын. Бұл қазақ халқының талабы.

Пікір немесе жауап жазу

19 − 8 =