Фетиш балын өткізем деген кәсіпкер халықтан кешірім сұрады
2019 ж. 28 наурыз
2055
0
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты «Армия үйі» ғимаратының бөлмесін жалға алып отырған жеке кәсіпкер «Пак А.П.» өзінің Халықаралық БДСМ Фетиш Балын өткізетінін жариялап, азаматтардың намыстарын қорлағаны үшін көпшіліктен шын ниетімен кешірім сұрайды.
Бұған дейін хабарланғанындай, аталмыш Балл туралы бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, қоғамда жаппай резонанс туғызған. Жергілікті атқарушы органдар мен ғимарат әкімшілігінің араласуы нәтижесінде арендатор жоғарыда аталған шараны өткізуден бас тарту жөнінде шешім қабылдады.
Қазіргі кезде аталған бөлме жабық тұр және қызмет етуін тоқтатты.
Өз кезегінде «Армия үйінің» әкімшілігі бұл тақылеттес шараларды ғимарат аумағында өткізуге үзілді-кесілді тыйым салынғандығын мәлімдеді.