ҚазҰПУ суретші түлектері 50 жылдық мерейтойда кездеседі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдық мерейтойына орай университет түлектерімен кездесу өтеді

2019 жылдың 29 наурызында қазақ білімінің қара шаңырағы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдық мерейтойына орай университет түлектерімен кездесу өтеді. Кездесуге Түлектер қауымдастығының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты,  қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы  Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің Президенті, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық–«Алтын Күз» ордені иегері, ЮНЕСКО Әлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі, ақын  Қазыбек Иса Жарылқасынұлы, Қазақстан Республиасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы Дүйсебаев Әбілсейт Оразақынұлы, Дизайнер, суретші, стилист, «Құралай» сән үйінің бастығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының атқарушы директоры Нұрқаділова Құралай Заманбекқызы және тағы басқа университетіміздің профессор-оқытушылары қатысады.

Сондай-ақ бұл кездесуде университетіміздің ректоры, профессор Такир Оспанұлы Балықбаев құттықтау сөз сөйлеп, университет өнерпаздарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама көрсетіледі.

Іс-шараның басталатын уақыты: 29 наурыз 2019 жыл, сағат: 15. 00

Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ, № 5оқу ғимараты, Төле би, 86.

Абай атындағы ҚазҰПУ Қоғаммен байланыс бөлімі

qazaquni.kz