Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы шетелдік жұмыс сапарымен Мәскеуге қашан баратыны белгілі болды.

Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

"Біз бірден жаңа президентті Ресейге шақырдық", - деді Путиннің көмекшісі.

Оның айтуынша, жұмыс сапары 2019 жылдың 3 сәуіріне жоспарланған. Қазір келіссөз жүріп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде ант қабылдаған соң бірден шақырту жібердік, деп атап өтті Ушаков.

Дереккөз: sputniknews.kz