Киіктерді атқаны үшін министрлік инспекторлары ұсталды

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің аңшылық инспекторлары 100-ден астам киікті атуға қатысы бар деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды baq.kz.

«17 наурызда Ақмола және Қарағанды облыстарында мүйіздері кесілген жүзден аса киіктің өлі денесі табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, білікті қызметкерлерден құралған арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері киіктерді жаппай атуға қатысы бар деген күдікпен бір топ тұлғаны қамауға алды. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Охотзоопром» РМҚК инспекторлары да бар», - деді ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз.  Ол күдіктілерге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау жазасын санкциялағанын айтты. «Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайы бойынша тінту барысында қылмыс қарулары, сондай-ақ, киіктердің мүйіздері анықталды. Тергеу жалғасып жатыр», - деді ІІМ ресми өкілі.