ЕЛБАСЫНЫҢ РУХАНИ ЖОБАСЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясы – еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңдерінен бастап Елбасымыздың ой-елегінде болған деп ойлаймын. Мүмкін, ол жөнінде ойлары бұдан да ертерек пайда болған шығар, бірақ бұл менің болжамдарым ғана, өйткені, ересек шағымызда біз қабылдайтын өмірлік маңызды шешімдер – бұл біздің балалық және жасөспірім шағымызда жадымызға ұялаған ойлардың жемісі. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің балалық шағында ата-анасының, 40-шы жылдары, сталиндік репрессия кезеңінде басқа да халықтар сияқты Қазақстанға қоныс аударылған ингуш отбасын қамқорлықтарына алғаны туралы айтқан болатын. Міне, кішкене бала кезінде Президент толеранттықтың алғашқы сабақтарын туған отбасында алған болар. Яғни, бұл – ұрандармен жарияланатын интернационализм емес, өзге халықтар өкілдеріне, олардың тілі, салт-дәстүріне қадірлей қарау сабақтары еді.

Елбасымыз алғаш рет Ассамблея құру туралы айтқан кезде (ол кезде мен баспа және ақпаратминистрі қызметінде едім, вице-премьер) көп адамның бұл идеяны бірден қабылдай қоймағаны әлі есімде.

Нұрсұлтан Әбішұлы мәселені талқыға салып, өз ойыңды білдіргенді өте жоғары бағалайды және қандай да бір идеяны алға тартқанда, айналасындағы адамдардың назарын мұқият бақылайды. Айта кетерлігі, мен бұндай құрылым қандай мәселелерді қарайтынын, немен айналысатынын ұғынбадым. Кейіннен бұл сұрақтардың барлығы да ойластырып, орын-орнына келді. Ал 1995 жылы Елбасы Ассамблеяның құрылымы, міндеттері мен мақсаты, қарастыратын мәселелері бойынша нақты ұсыныс жасады.

Қазақстанда түрып жатқан барлық халық , барлық этносаралық топтар біздің еліміздің рухани байлығын құрайды. Осының негізінде Президент бірінші кезекте қоғамдық пікірді білдіру мүмкіндігі бар, сонымен қатар, қандай да бір этносаралық топтардың мүддесін білдіретін Қазақстан халқын біріктіру сияқты адамгершілік мақсаты бар қоғамдық құрылымды құруды ұсынды. Олар өздерінің теңқұқықтығын толыққанды сезіну үшін, өздерінің тағдыры және өз халқы мәдениетінің тағдыры жайлы алаңдамау үшін. Бұл — Қазақстан халқы Ассамблеясын қүрудың негізгі мақсаты еді. 1995 жылы сәуір айында Ассамблеяның бірінші отырысы өтті.

Мен атап өткендей, бастапқыда ҚХА қалай, қандай негізде жұмыс істейтіндігі туралы түрлі көзқарастар, түрлі пікірлер болған еді. Ол Парламентті қайталамай ма? Бірақ, кейінірек, ҚХА туралы ереже әзірлеу кезінде, одан кейін де Ассамблея Парламентті еш қайталамайтын машығын көрсетті. Парламент биліктің заңнама шығарушы тармағы, ал ҚХА көп этносаралық Қазақстанды көрсететін қоғамдық ұйым. Бірақ, кейін де Ассамблеяның құқықтық мәртебесі Конституцияда бекітіліп, ҚХАтуралы заң қабылданды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл — осы жылдары өзін толықтай ақтаған Нұрсүлтан Назарбаевтың рухани идеологиялық жобасы.

Елбасы жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясында сөз сөйлейді және оның сөзі бағдарламалық сипатқа ие болды. Ұлт көшбасшысының сөзі аса қызығушылықпен тыңдалып, талданады, оның тұжырымдамаларын іске асыру жөнінде жоспарлар, бағдарламалар құрылады. Презиенттің ҚХА айтқан сөздері оның жыл сайынғы Парламентте айтылатын Қазақстан халқына Жолдауымен түйіндес болып келеді. Бұл дәстүрге айналып кетті.

Президенттің Ассамблеяда айтқан сөздерін мұқият тыңдайтындар, оның барлық тілдердің теңдігін дәйекті түрде жүргізетінін біледі. Сонымен қатар, әсіресе, жастар алдына басқа тілдерді, оның ішінде ағылшын тілін білу міндетін қояды. Бұдан басқа даг әр этносаралық топтың елімізде өз ана тілін оқып үйренуге мүмкіндігі бар. Ол үшін Президент қажетті жағдайдың барлығын жасауда. Осы мақсатпен ҚХА жанында, Достық үйі жанында арнайы мектептер, тілдік курстар ашылып, газеттер шығарылады. Осындай мемлекеттік саясаттың, Ассамблеяның жұмысының арқасында бір де бір халық өзін жәбірленген сезінбейді. ҚХА тұрғындардың көзқарасын жасына, ұлтына қарамастан қалыптастыруға оң әсерін тигізуде. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің негізгі міндеті – жасампаздық мақсаттағы халықты біріктіру міндетін табысты атқарып келеді.

Қуаныш Сұлтанов,

қоғам және мемлекет қайраткері,

саяси ғылымдарының докторы