БЕЙБІТШІЛІК ИДЕЯСЫ – СӘТТІЛІК НЕГІЗІ

Шығыс даналығында «Тіпті ең үлкен жолдың өзі кішкене қадамнан басталады» демекші, табыс пен тұрақтылықтың бүгінгі қазақстандық жолы да кішкене қадамдардан басталды. Мен жаңа ғана егемендігін алған елдің қалыптасуында тек жай бақылаушы ғана емес, белсенді қатысушы болдым, ол кезең оңай болмады. Империя құлады. Одақтас елдер ыдырап кетті. Оған қоса, жергілікті соғыстар мен қақтығыстар орын алды. Күйзеліс орнықты. Адамдар абдырап қалған кез еді. Бұрынғы өмір кетті. Жаңа өмір басталмай қойды. Не болады? Қысқасы, мәселе қауіптенген адамдардың басын қатырды.

Ал, расында, барлық одақтас республикалар ішінде тек Қазақстанда шиеленістер мен соғыстар болады деген болжамдар айтылған еді. Өйткені, біздің елімізде ғана әр-түрлі ұлттардың саны көп. Жүз отыздан асады! Жалаңаштаған сымдар сияқты абдырап қалған ел аса сезімтал еді, олардың қайнап буырқанғаны қатты сезілген еді. Ана жақтан, мына жақтан наразылық дауыстар естіліп жатты. Осы ахуалды пайдаланып, адамдар санасына тәртіпсіздік орнатқысы келгендер де болды. Кейбірі, тіпті, егемендіктен ләззат алып, бұрынғыны жоққа шығарғысы, байланысты үзгісі келді.

Бірақ данышпан адам ғана әлсіз жағын күшті етеді. Біздің Президентіміз нақ осылай етті. «Иә, біз әртүрліміз. Бірақ, біз бір елдің баласымыз. Біз – біртұтас халықпыз. Біз тек қана бір-бірімізбен ақылдаса отырып, қолдармызды біріктіре отырып, табысқа, жақсы өмірге жетеміз». Дәл осы ойды ол халыққа жеткізгісі келді. Дәл сол уақытта адамдарды біріктіретін көпір болатын, әрі жол бастаушы болатын қүрылым құру идеясы алғаш рет туындады. Соның нәтижесінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Жүректен шын айтылған сөздер әрдайым да басқалардың жүрегіне жетеді. Халық оны естіді. Сенді, артынан ерді. Мұның бірден-бір дұрыс жол екенін уақыт көрсетті. Бірақ мүның өзіне оңай қол жеткізбедік. Мен Мемлекет басшысының халықтың тағдырын, өз елІнің болашағын ойлап ұйықтамай өткізген түндерінің куәсі болдым. Қандай да бір іс болсын, онда керағарлық ұғымы болады. Әрине, керағарлық кездермен оң жайттар болуы әбден шарт. Кеңес империясының басқару онжылдықтары, әлбетте тек өткен жоқ. Тіл, дін ұмытылды, тарих қасақана өзгертілді... Сондай-ақ, идеологиялық жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілді. Партия орасан күш иесі, қайратты авторитет болды. Үлкен бір күш халықты, оның санасын, ой-пікірін бір бағытпен ешбір шығар тесік, не жол қалдырмай басқарды.

Мен Елбасы жанында бес жыл жұмыс істеу бақытына ие болған адаммын. Бұл тәуелсіздігіміздің ең алғашқы жылдары. Маған жауапты

жұмыс атқару жүктелді. Мен идеология, яғни ақыл мен ой-сана, қоғам пікіріне жауап бердім. Президент адамдармен көп кездесті, сөйлесті, тыңдады, жазып алды. Осындай кездесулердің бірін мен ерекше есіме аламын. Бір кезеңдерде жиындар, митингілер көбейіп кеткен болатын. Тарихта қабылданғандай, өзгерістер кезеңінде сахнаға әртүрлі «персонаждар» шықты. Олар басқа ұлт өкілдерін елден қуып жіберуге де шақырды. Біз Президентке қатаң шара қабылдауды ұсындық. Бірақ, данышпан патша әр кезде де алыстан барлаушы. Нұрсұлтан Әбішұлы да солай ұлттық сарындағы барлық қозғалыстар өкілдерімен кездесу ұйымдастыруды тапсырды. Кездесуге келген басшылар аздап өшігіп, қиқарланған кейіп танытты. Президент бәрін тыңдап, оларға ішіндегісін бәрін айтуға мұрсат берді. Содан соң өзі сөйледі. Жай қарапайым мәтінмен, мысалдар келтіре отырып, отырғандарға неге бұл әрекеттерінің дұрыс емес екенін жеткізе түсіндірді. Ол қазақ халқының тарихын сөз етті. Халқымыздың егемендікке ғасырлар бойы қол жеткізуге ұмтылғанын сөз етті. Қазір өз қолымызбен қате әрекеттермен бостандығымызды апан-топан етуіміз мүмкін екенін айтты. Зал үнсіз қалды. Біршама уақыттан соң адамдар сөйлей бастады. Бірақ басқаша сөйледі. Міне, сол кезді мен күрт өзгерген заман деймін.

Мырзатай Жолдасбеков,

мемлекет және крғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі