"Тоқаев бірінші Кремльге емес, қасиетті Түркістанға барды"

Қарасам, су жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырза бірінші іс-сапарымен бұрыңғы әдетімен Кремльге емес - қасиетті Түркістанға барған екен. Ол дұрыс деп есептеймін, алдымен қасиетті әруақтарымыз жатқан жерге барып, тағзым етіп, ақсақалдардан батасын алып, - одан кейін үлкен жұмысқа кіріскені жөн. Қазақи салт-дәстүрімізге де сай қадам. Көршілер де көрсін, жаңа президенттің бірінші іс-сапары Кремльге емес, қасиетті Түркістанға болды.

Одан басқа кадр шешімдерін де қарап отырмын. Тәжин - сөзсіз ең салмақты идеологтарымыздың бірі - Мем хатшысы болып тағайындалды. Нақты бұл лауазына лайықты адам деп ойлаймын.

Кешегі премьер-министр Сағынтаев мырза - Президент әкімшілігінің жетекшісі боп тағайындалды, ол жұмысты жақсы білетін адам. Кешегі экономика министрі - Темір Сулейменов мырза - президенттің кеңесшісі болды. Экономика жағынан сауатты жігіт, талай рет кездесіп әңгімелестік. Ал досым Берік Уәли - баспасөз хатшысы болды, тіпті жақсы. Яғни бізбен байланыста болады, президенттің жұмысын қоғамға ашық көрсетіп отырады деген үміт бар.

Көреміз енді, әрі қарай қалай болатыны. Нақты жұмыс керек. Халқымыздың әлеумет өмірін жылдам жақсарту тиіссіздер!

Мұхтар Тайжан,

Фейсбук парақшасынан