Мемлекет басшысының жаңа көмекшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының жаңа көмекшісі тағайындалды. Ол Президент жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Ол Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген хабарламада.

Мұрат Нұртілеуов 1976 жылы 11 наурызда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Малайзиядағы ҚР елшілігінің атташесі, Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сенат аппараты басшысының орынбасары болған.