Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді

1850
1
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес

 ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қ.Тоқаев,

Қазақстан Республикасының Президенті 

Ақорда,  

2019  жылғы 23 наурыз 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Гүлім 26 Наурыз, 2019 15:18 Жауап

    Балаларымызды Астанаға апарамыз деп жүр едік, шенді бірден Нұр-Сұлтанға баратын болыппыз…

Пікір немесе жауап жазу

тоғыз + 8 =