ЕЛБАСЫНЫҢ ШЕШІМІ

Елбасының шешімі дұрыс деп,ойлаймын. Бұл әрине менің өз пікірім. Борис Ельцин:"Берегите Россию" деп кеткенде мен жылаған едім.30- жылғы еңбекті көре білейік. Ешкім Президент болып тумайды. Президент болудың эталоны жоқ. Аспандағы Күнді де, бірде ыстық, бірде суық деп жақтырмаймыз. Президентте тірі жан, қателеседі. Кемшіліксіз жан жоқ. Біткен істің бәрі жақсы деген, халқымыз.Жұмыстың жақсы жағын көре білейік.Астанадай қала тұрғызу, оның айналасын орманға айналдыру. "Болашақ" программасымен жастарға білім беру, шет елдік тәжірибелерді елде іске асыру үлкен жұмыс.Шеттегі қандас бауырларды елге оралту, оларды орналастыру. Шет елдегі қазақ диаспораларына көңіл бөлу. ЭКСПО-17 өткізу. Америкада қазақ тілінде сөйлеу, көптеген облыс орталықтарын жаңалап қалыптастыру. Жолдарды жөндеу. Айта берсек жұмыс көп. Әрине, бәрінде ақсау бар, кемшілік бар. Солай бола тұрсада жұмыс істеліп жатыр. Кемшілікті бәріміз көргішпіз. Жұмыссыздық, аналар проблемасы, тұрғын үй-баспана проблемасы т.б. көп. Жақсылықты көріп, оны айтуға келгенде қиналамыз. Алдағы уақытта осы істерде кеткен кемшіліктерді жаңа басшылар қолға алып, жасайды деген үміттемін. Мен саясатшы емеспін. Менің қарапайым адамның бірі ретіндегі өз пікірім.

Жарқын Утешова,

Мəскеу қаласы