ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ӘЗ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! МЕРЕКЕМІЗ БЕРЕКЕМІЗГЕ АЙНАЛСЫН!

Қабан жылы қабандай қоңды, ісіміз оңды, ағымыз молды, әрқашан Ақ жолды болайық! Алла жар болып, Жұлдызымыз жарқырай берсін!

Кеше Тәуелсіз Қазақ Елінің елордасы Наурыз тойын тойлады.Таңғы оразамызды ұлт зиялыларын жинаған Ұлттық кітапxананың басшысы Үмітxан Мұңалбаева xанымның дайындаған дастарxанында Наурыз көжемен аштық. Үмітxан Дәуренбекқызы бәрімізді екі автобусқа салып алып, Наурыз мейрамы өтіп жатқан ЭКСПО алаңына алып келді.Халықты ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІМЕН құттықтауға қос президент -Тұңғыш Президент -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Елбасымыздың қолын алып, Наурыз мерекесімен құттықтадық біз де.Қазақстан Халқы Ассамблеясы қырғыз, татар-башқұрт, қарақалпақ мәдени орталықтарының тіккен киіз үйіне кіріп, ұлттық тағамдардан дәм таттық. Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасы орынбасарв Жансейіт Түймебаев қарсы алып, ұлт зиялыларына Ассамблеяның атқарып жатқан істерін әңгімелеп берді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі жазушы Әнес Сарай башқұрт келіншегін шақырып алып, қолынан ұстап, құшағына тартып біраз әңгіме айтты. Сексеннің сеңгіріндегі серіні сөйлетіп отырған Башқұртстанда әскерде болған әдемі жастық шағы мен башқұрттың сұлу қыздары екен.... Түрік академиясы президенті Дарxан Қыдырәлі бауырымыз бұл сәтті қалт жібермей: "Бәсе, Башқұртстанда болғанда сізге ұқсаған балаларды көріп едік"-деп әзілдеп алды.

Белгілі ұлт зиялылары Әділ Аxметов, Несіпбек Айтұлы және тб тілек айтты.

Nur-Sultan қаласы Тілдерді дамыту басқармасы (басшысы Тілеуғали Қышқашбаев) тіккен киіз үйде Сайлау Батыршаулы, Жұмаш Сомжүрек ағаларымызбен, Алтынбай Сәдуұлы, Жасұлан Иса бауырларымызбен әңгіме-дүкен құрдық.Халық әртісі Роза Рымбаевадан бастап ән жұлдыздары өнер көрсетті.

Қазақша күрес, асық ату, кір тасын көтеру тб ұлттық ойындар ойналды.Наурыз мерекесі астанамызда бүгін де жалғасуда.

Наурыз мейрамы кезінде жылда салқын тартып тұратын елордада биыл екі күннен бері Күн шуағын ерекше шашып тұр!ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қазыбек ИСА

Qazaquni.kz