Оралмандарға Қазақстан азаматтығын алу үшін көбірек уақыт берді

Қазақстанда азаматтық алып үлгермегендер үшін оралман мәртебесі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан этникалық қазақтардың елге ерікті түрде оралуын ынталандыру саясатын жүргізеді.

1991 жылдан бастап 303 мың отбасы немесе 1 млн.40 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралды және оралман мәртебесін алды, бұл ел халқының 6 пайыз ын құрайды. Осының арқасында көші-қонның теріс сальдосының деңгейін төмендетіп, демографиялық өсімге қол жеткізілді. Олардың көпшілігі қазақстандық азаматтықты алып, басқа азаматтармен теңдей еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді.

Қазақстанда этникалық репатрианттардың бейімделуі мен кірігуі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен, оралман мәртебесін алғандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар (қалған шетелдіктер Қазақстанда кемінде 5 жыл тұруы қажет).

Сонымен қатар, оралман мәртебесі оны алған күннен бастап бір жыл өткен соң тоқтатылады. Оралман мәртебесін ұзарту оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өтініш берген кезде жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу мақсаттары үшін ғана көзделеді.

Бірақ, бүгінгі таңда оралмандар ұсынылған уақыт ішінде жеңілдетілген тәртіппен қазақстандық азаматтығын алмаған, көрсетілген жағдайдың туындау себептеріне қарамастан, мұндай мүмкіндіктен айырылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне осы мәселені шешуге көмек көрсету бойынша көптеген өтініштер келіп түсуде.

Осыған байланысты, биыл 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оралмандар мәртебесін жеңілдетілген тәртіппен 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Осылайша, мәртебесі кешіктірілген оралмандар оны ұзарту және қазақстандық азаматтығын алу үшін ішкі істер органдарына құжаттарды оңайлатылған тәртіппен беру үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады.