Құтты болсын пайғамбарлық жасыңыз

Мəке,

Бүгін туыс, достарың мен жақының,

Құттықтауда Мəкеңдей əз ақынын.

Гүл шоғымды барар едім ұсынып,

Əттең көп-ақ арамызда шақырым.

Құтты болсын бүгін туған күніңіз,

Мерей күні шалқып тасып күліңіз.

Отбасында бөлей берсін шаттыққа

Ұл-қызыңыз, немерелер-гүліңіз.

Кеуделерге алдарында бар арман,

Қолдағаның демеу нұр боп жаралған.

Денің сау боп соға берсін жүрегің,

Жылулықпен жақсылықтан нəр алған.

Құтты болсын пайғамбарлық жасыңыз.

Абыз қарт боп жүзден əрі асыңыз.

Абыройың арта берсін ел-жұртқа

Құрметіңмен қадірлі боп басыңыз.

Құрметпен,

Шардаралық байырғы жерлесі Роза Шығанақова