Сара жол кейнгіге салып кеттің - Асхат Кәукерұлы

Қашанда, ақылды адам - ақылды адам,

Ақылды, алтын таққа сатылмаған.

Сара жол кейнгіге салып кеттің,

Нұр аға жасап тұрып батыл қадам.

Көрінді ел-жұртыңа қорғандығың,

Ойсырап қалғандай-ақ ордам бүгін.

Мен егер, мақтасам да, даттасам да,

Өз ағам, тақ иесі болғандығың.

Жеріме көзін сүзіп қанталаған,

Жауым тұр айналада анталаған.

Шеттегі қалып қойған бар қазақтың,

Қорғаны болушы едің қалқалаған.

Бола ма адам пенде кемшіліксіз,

Іс бітпес кешіріммен кеңшіліксіз...

Тар жолдан алып шығып тайғақ елді,

Төрт тұрманын түгендеп енші қыпсыз!!!

Асхат Кәукерұлы,

qazaquni.kz