Атыңды асқақ айтады Ұлы далам - Әнуар Әуелбек

Елбасымыздың мәлімдемесін барша жұрт үлкен тебіреніспен қабылдады. Өзімнің де көңілімнің қатты толқығанын жасырмаймын. Осындай тариxи оқиғаның боларын алдын ала іштей сезіп, көңіл тебіренісін әнге айналдырған едім. Бұйыртса, бір күні әнін де тыңдарсыздар деген сенімдемін. Елбасымызға амандық тілеймін!

Елбасы

Ата-баба арманы алға бастап,

Арайланған таңдары таңға ұласқан.

Сенім артқан еліне көшбасшы боп,

Талай асу-белдерді алған асқақ.

Қайырмасы:

Қанат жайып көгімде,

Қыран құстай самғады.

Алты құрлық төріне

Қойды елдік таңбаны.

Елбасыдай еріме

Ермеген ел қалмады.

Тұңғыш болып еліме

Бар әлемді жалғады!

Алтау ала - болмас деп ұрандаған,

Төртеу түгел табылды бір арнадан.

Рухына бас иген бабалардың,

Атыңды асқақ айтады Ұлы далам!

Әнуар Әуелбек,

«Алматы ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары