БАЛАЛАРҒА БЕРЕРІ МОЛ СПОРТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ

Алматыдағы уақытша бейімдеу орталығында Алматының Достық үйі мен «Салиқалы ұрпақ» қоры бірлесіп «Мен чемпион боламын!» атты «Наурыз мейрамын» мерекелеуге арналған шара өткізді.

Қазақ ұлттық спорт түрлерінен өткен семинар-кездесуге белгілі спортшылар, еңбек сіңірген жаттықтырушылар: Ермахан Ибраимов - олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокс бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері; Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақыт Алпысбаев; еркін күрестен спорт шебері Руслан Сымтықов қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төраға орынбасары Шахисмайл Асиев шараның жоғары деңгейде өтуіне бар күш-жігерін аямады.

Мерекелік іс-шараның қатысушылары мен қонақтарын әль-Фараби атындағы № 145 орта мектептің оқушыларынан құралған халық аспаптар оркестрі құттықтап, өз өнерлерін ортаға салды.

Шара кезінде Алматыдағы Достық үйінің қызметкерлері - Н.Алтекова мен Ж.Шыныбеков Наурыздың мейрамындағы қазақтың салт-дәст.рлері туравлы кеңінен әңгімелеп берді.

Спортшылар балаларға өздерінің спорттық өміріндегі жетістіктері туралы кеңірек баяндап берді.

Жасөспірімдер арасындағы бокс және еркін күрес бойынша Алматы чемпиондары Ермахан Ибраимов пен Бақыт Алпысбаевтың шәкірттері орталықтың тәрбиеленушілеріне арналған шеберлік сыныптарын өткізді.

Интернат тәрбиеленушілері, өз кезегінде, қонақтарға арнайы концерттік нөмір тарту етті.

Осынау тағлымы зор мерекелік шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан орталықтың тәрбиеленушілеріне танымдық энциклопедиялар, дамытатын кітаптар, оның ішінде, Қазақстан тарихы мен ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық ертегілер туралы кітаптар сыйлық ретінде үлестірілді.

Еңлік ЕРБОЛҚЫЗЫ,

qazaquni.kz