Алтайда сирек кездесетін қар барысы видеоға түсіп қалды (видео)

1695
0
Бөлісу:

Алтайдағы «Сайлюгемский» ұлттық саябағында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Орыс географиялық қоғамының сайтына сілтеме жасап.

Юнчи атты қар барысы көктем шыққанда пайда болып, өзінің ізін қалдыра бастаған. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, жасы шамамен 5-7-де. Барыс видеоға алғаш рет осыдан екі жыл бұрын түсіп қалған болатын. Содан бері осы аймақтың әр бұрышын серуендеп жүруді әдетке айналдырған.

Ұлттық саябақта барлығы автоматтандырылған 11 фототұзақ бар екен. Оларды арнайы орнатқан. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бұл аумақта барлығы шамамен осындай 7 000 жануар бар.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

19 − 4 =