Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесін басқарады

ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин басқарды. Сонымен қатар, Қордың Директорлар кеңесінің құрамына ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов кірді.

Директорлар кеңесінің құрамынан Б. Сағынтаев, Т. Сүлейменов шығарылды.