Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Жанат Мұратұлы «Кұрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.