Ислам Кәрімовтің үлкен қызы ұсталды

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің үлкен қызы Гүлнара Ташкентте ұсталды және қамауға алынды. Бұл туралы «Интерфакс» республиканың бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Оның бостандығын шектеу жазасын жалпы режимдегі колонияға қамап, бостандығынан айыруға ауыстырды. Билік өкілдері мұны Гүлнараның бұған дейінгі сот үкімін: жазаны өтеу тәртібі мен талаптарын бұзғаны үшін жасап отыр.

2017 жылдың желтоқсанында Гүлнара Кәрімоваға 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілген. Бірақ жарты жылдан кейін оның жазасы 5 жылға бостандығын шектеу болып өзгертілді. Дегенмен Гүлнара заң өкілдерінің талаптарына: үйінен ешқайда шықпау, байланыс құралдарын пайдаланбау дегенге құлақ аспай, заңды бұзды. 2018 жылдың қазанында «Азаттық радиосы» (өзбек редакциясы) оның Өзбекстан шекарасынан шығып, Дубайға кеткенін хабарлады.

Дереккөз: baq.kz