Сағадиев жаңа министр туралы: "Білім беру саласында ол менен мықты түсінеді деп ойлаймын"

Білім және ғылым министрі қызметінен кеткен Ерлан Сағадиев өз орнына келген жаңа министр туралы пікірімен бөлісті. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Ерлан Сағадиев жаңа білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованы білімді әрі тәжірибелі маман деп санайды.

"Менің ойымша, білім беру саласында ол менен мықты түсінеді деп ойлаймын. Бүгінде біздің мектеп жүйесінің прототипі саналатын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бастауында тұрған тұлға. Егер қажет болса, мен әрдайым көмектесуге дайынмын, бірақ БҒМ командасы қазір жұмыс істеуге қабілетті, прогрессив, өз ұстанымдарымызды қорғай алатын ұйым деп айта аламын", - деді Ерлан Сағадиев.