Мұғалімнің ескертуінен кейін оқушы ауруханаға түсті: Білім басқармасы жауап берді

Шымкент қаласының білім басқармасы А.С.Пушкин атындағы N1 мектеп-гимназиясында орын алған келеңсіз жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады otyrar.kz.

- 6 сынып оқушысы А. Досымбековке қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ирбаева Н. үй тапсырмасын қате орындағаны үшін дауыс көтеріп, қателігін түзеу туралы ескерткен. Мектеп медбикесі Абдукаримова Ш. Алиханның дене қызуын, қан қысымын және жүрек соғуын тексеріп көмек көрсеткен. Жедел жәрдем қызметі ауруханаға апарып, «Анықталмаған асқынған бронхит (острый бронхит неуточненный) диагнозын қойып, оқушыны үйіне жіберген. Бүгінде басқарма тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша алдағы уақытта заң шеңберінде шара қолданылатын болады, - делінген мәлімдемеде.