Елбасы қойған мақсаттарға жету үшін өз үлесімізді қосуымыз қажет - Мәди Ахметов

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы аясында Елордамызда бастау алған XVIII съез жұмысы қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталды деуге толық негіз бар.

Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасында алдағы 10 жылдыққа бағытталған нақты мақсаттардың барлығы дерлік әлеуметтік салаға бағытталып отыр.

Атап айтар болсам:

1. Көпбалалы отбасының әр баласына 21 мың төленетіндігі.

2. Көпбалалы отбасыларға және толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға 2-3% пайызбен квоталық үй берілетіндегі.

3. "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы көпбалалы отбасылар үшін 40 мың қолжетімді пәтерлердің салынуы.

Жоғарыда көрсетілген бастамалардың барлығына арнайы қаржы бөлініп, партия тарапынан бақылауға алынатындығы баяндалады.

Сондай-ақ, Елбасы, Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде еліміздегі жастар саясатын жетілдіруге, барлық бастамаларға жастардың қатысу керектігін атап көрсетті.

10 мақсаттан тұратын жаңа Партия бағдарламасында «Жастарды қолдау» бағыты бойынша нақты мақсаттар көрініс тапқаны мені қуантпай қоймады.

Елбасы қойған нақты мақсаттарға жету жолында барша қазақстандық жастар болып өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Мади Ахметов,

«Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі