Әйгілі ғалым Әбдуәли Қайдар дүниеден өтті

Қазақ тіл білімінің үлкен ғалымы, академик Әбдуәли Қайдар 95 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

 Әбдуәли Қайдар Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі, Филология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы, Түркітану ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі.