Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болған.

Президен Жарлығында "Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын" деп жазылған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды.