Ерлан Қошановтың халықпен кездесуі төбелеске айнала жаздады

[caption id="attachment_96272" align="aligncenter" width="652"] Коллаж: newsasia.kz[/caption]

Қарағандыда облыс әкімі Ерлан Қошановтың бір жарым сағаттық есебінен кейінгі сұрақ қою кезегі төбелеске айнала жаздады. Халықтың көкейіндегі сауалдардың көптігі сонша, залда қойылған екі ақ микрофон адамдарға аздық етті.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі ">31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

“Қарағандыдан жұмыс берілмейді, кәрісің дейді. Мен балаларымды қалай асыраймын? 7 жыл болды жолдасымның қайтыс болғанына”, – деп ашуланды әкіммен кездесу барысында қала тұрғыны.

Микрофонға қолы жетпеген қала тұрғындары залдан дауыстап көкейдегі сұрақтарын қойды. Сұрақтардың барлығы халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты. Соның ішінде, баспана, коммуналдық төлем, көпбалалы аналар мәселесі секілді күрделі сұрақтар көп.

Әкім өз кезегінде барлығына көмектесетінін ғана айтып, 12 баласы бар көпбалалы анаға «путевка» алып беретінін айтып шектелді.