Жазушы Әнуар Дербісалиннің 90 жылдығына орай кітап көрмесі өтті

Биыл қазақтың көрнекті жазушысы Әнуар Дербісалиннің туғанына 90 жыл толып отыр. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен әдебиеттанушы ғалымның туғанына 90 жыл толуына арналған «Әдебиеттанушы-ғалым Әнуәр Дербісәлиннің ғылыми мұрасы рухани жаңғыру контексінде» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

Шараға белгілі ғалымдар, жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, жазушы туралы естеліктерімен бөлісті.

Мерейтойлық іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапхана ғалым еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден ғалымның азаматтық болмысы мен ғалымдық парасаты туралы жазылған естеліктер, замандастарымен бірге түскен суреттерін, ғылыми еңбектерін көріп таныса аласыздар. Аталған іс-шараға ғалымдар, өнер қайраткерлері, Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ғалым есімімен аталатын мектептен қонақтар қатысып өз естеліктерін жеткізді.

Қазақ CCР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әнуар Дербісәлин 1929 жылы 18 ақпанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ә.Дербісәлин ғылыми ортаға, зиялы қауымға Ыбырай Алтынсарин мұрасын түбегейлі зерттеген ғалым ретінде танылды. Жазушы өмірі мен қызметін зерттеген еңбектер әр жылдары орыс, қазақ тілдерінде жарық көрді.

Жиынға қатысушылар Дербісалиннің ғалымдық қырын да сөз етті. Олардың айтуынша, Дербісәлин республикалық білім беру, ғылыми кадрлар даярлау саласына да көп еңбек сіңірді. Ол көптеген ғылыми кітаптардың жауапты редакторы, 6 томдық академиялық «Қазақ әдебиеті тарихы» еңбегінің, 12 томдық Қазақ совет энциклопедиясының негізгі авторларының бірі болды.