Хабиб Нурмагомедов ақтөбелік қызға Toyota Camry кілтін табыс етті

Ақтөбе тұрғыны Сәуле Болатбаева Хабиб Нурмагомедовтың байқауында Toyota Camry автокөлігін жеңіп алды. Бұл туралы қыз Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

17 ақпанда жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Мәскеуде қазақстандық қызға автокөлік кілтін табыстады.

"Міне, көптен күткен сәт", - деп жазған Сәуле Болатбаева Хабиб Нурмагомедовпен түскен суретінің сипаттамасына.

Еске салсақ, Ақтөбе тұрғыны Toyota Camry көлігін Instagram желісіндегі Хабиб Нурмагомедовтың байқауында ұтып алған. Жеңімпаз 2018 жылдың 30 желтоқсанында кездейсоқ сандар генераторы арқылы таңдалды. Ұтысы жайлы қаз stories-те айтқан.