Қазақстанның жаңа Ішкі істер министрі тағайындалды

ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы болып Ерлан Тұрғымбаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін қызмет еткен Қалмұханбет Қасымов министр лауазымынан босатылған.

Ерлан Тұрғымбаев 2012 жылдан бері ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Полиция генерал-майоры.