Қызметтен кеткен Қасымов Қауіпсіздік кеңесіне хатшы болып тағайындалды

Қызметінен кеткен Қасымов жаңа орынға жайғасты. Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

«Ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын», - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.