Қазығұртта үшем дүниеге келді

4171
0
Бөлісу:

Фото: otyrar.kz

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының 29 жастағы тұрғыны Әбдалиева Жадыра Заманқызы үшемнің анасы атанды. Үшеуі де ұл бала екен. Аян, Саян, Аман есімді үшем 23 қаңтар күні Түркістан облыстық №1 перинатальды орталықта дәрігерлердің көмегімен кесар тілігі арқылы туылған, – деп хабарлады otyrar.kz.

Дүние есігін ашқан сәтте салмақтары 1700-2100 грамм болса, бойлары 40-48 см болған. Қазір денсаулықтары жақсы дейді дәрігерлер. Бүгін перзентханадан шығып, шаңырақтарын шатыққа бөлемек.

Анасы Әбдалиева Жадыра Заманқызы үй шаруасында болса, әкесі коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істейді. Үшем жұбайлардың тұңғыштары көрінеді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

5 × төрт =