НЕМЕРЕМІЗ АТИЛЛА КЕНЕБАЙДЫ ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Осы жұма күнге тұспа-тұс келіп отырған, біз үшін ерекше күн - немереміз, Алматыдағы 173 мектеп-лицейдің 7 «ә» сынып оқушысы (сынып жетекшісі Дина Тілеген) АТИЛЛА КЕНЕБАЙДЫҢ туған күні (08.02.2006ж.).

Атилламызды осы туған күнімен шын жүректен құттықтай отырып, ең алдымен оған зор денсаулық, ағайын-туғанына, мектептегі ұстаздарына, дос-жаранына сыйлы, Тәуелсіз Қазақ Елінің заманына лайықты азаматы болып қалыптасуына тілектестігімізді білдіре отырып, төмендегі жыр құттықтауымды Атиллаға арнаймын:

 

«Арғы атам – Ер Түрік,

Біз Қазақ еліміз.

Самал тау, шалқар көл,

Сары Арқа жеріміз...»,-

 

Деп жырлаған «Алаштың»,

Ұрпағымыз, туымыз!

Міне, бүгін тау астың,

Сен, Атилла ұлымыз!

 

Тәңіріден тілейміз,

Ұлы бол деп Ұлтыңның!

 

Қазақ деген біз елміз,

Орны бөлек бұл күннің!

 

Сыйлы болып жақынға,

Азамат боп шыңдалғын!

Бақытты бол, Атилла,

Құтты болсын туған күн!..

 

Жұмаш Кенебай,

Шолпан Кенебай,

Балалар: Болатқазы, Еркебұлан, Арайлым, Арман, Толғанай, Томирис, Руслан, Жанарыс, Зере, Айсаман, Кәусар