Таразда Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші өтеді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Есіңе мені алғайсың...» атты әдеби сазды кеш 8-ші ақпан күні сағат 17.00-де Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет сарайында өтеді.

Еске алу кешіне Жұлдыз Мұқағалиұлы мен келіні Бақытгүл Айдарова қатысады. Қонақтардың қатарында Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан және Алматы облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Шымкент қаласының ақындары мен зиялы қауым өкілдері бар. 

Кеш жүргізушісі, ақын, "Shalqar" радиосының директоры, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин.

Сондай-ақ, ақынның туған күні қарсаңында бас қосқан оңтүстік аймақтық ақындардың арасында «Ақынға парыз көп ойлау, Артық та емес доп ойнау» атты кіші футболдан жолдастық кездесу 8-ші ақпан күні сағат 11.00-де Тараз мемлекеттік Педагогикалық университетінің спорт алаңында ұйымдастырылады.

Қазақ үні