Астанада өрттен қаза болған сәбилермен қоштасуға жүздеген адам келді

Астанада жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан көз жұмған бес баланың жерлеу рәсімі өтті. Балалардың жаназасына қатысуға жүздеген қала тұрғындары келді, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жерлеу рәсімі сәтінің видеосы мен суреттері көптеп жариялануда.

Жерлеу рәсіміне жиналған халық қара жамылған отбасымен бірге жылады.

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні Астананың «Көктал» ауданында болған өрттен бір отбасының бес баласы қаза болды.