Қазақстанда 13 миллион теңге жалақыны кім алатыны белгілі болды

2920
1
Бөлісу:

2018 жылдың ІV тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 176 050 теңге болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы карьерлерді қазу мен кен өндіру өнеркәсібінде тіркелді – 390,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 364,7 мың теңге (2,1 есе жоғары), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 332,5 мың теңге (1,9 есе жоғары), ақпарат және байланыс саласында – 261,7 мың теңге (1,5 есе жоғары), құрылыс саласында – 227,5 мың теңге (1,3 есе жоғары).

Ең төменгі атаулы жалақы білім беру қызметкерлерінде – 107,9 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,7% %-ға төмен, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің баспасөз қызметі.

Өңірлерде ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 320,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есе жоғары. Түркістан облысында мұның шамасы 109,7 мың теңгені көрсетті, бұл ел бойынша орташа деңгейден 37,7%-ға төмен.

Ең жоғарғы жалақыны, яғни 13 миллион 192,4 мың теңгені кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, қаржы және сақтандыру қызметі және өзге де өңдеу өнеркәсібі салаларындағы бас директор алатын болып шықты.

 Ең төменгі жалақы 15,6 мың теңге көлемінде белгіленді – оны білім беру және мемлекеттік басқару салаларында үй-жайларды жинап-тазалаушы алады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Зейнолла Абажан 4 Ақпан, 2019 16:46 Жауап

    Жұмысшы 390 мың теңге, бас директор 13 млн теңге алады екен. Сонда ол директор не бітіріп қойды екен? Директорда жарты жыл жұмысшы етіп қою керек, сол кезде ол ақшаның қалай келетінін түсінеді. Қытайда жаңа жылдан бастап фирманың бастығының жалақысы кәсіпорындағы жұмысшының ең төменгі жалақысымен теңестіру керек деген ақпарат тарағанын білеміз Осыны бізде қолдану қажет.

Пікір немесе жауап жазу

он төрт − 2 =