Қашқын банкир Жомарт Ертаев елге қайтарылатын болды

Көрші елде қамауда отырған банкир Жомарт Ертаев елге қайтарылатын болды. Себебі, Мәскеу қалалық соты Ресей прокуратурасының шешімін заңды деп тапқан, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Алайда, Ертаевтың авдокаты шешім заңды күшіне енбейінше кәсіпкердің Қазақстанға берілмейтінін айтып отыр.

Естеріңізге салсақ, халықаралық іздеуде болған кәсіпкер Жомарт Ертаев былтыр мамыр айында Мәскеуде ұсталып, үйқамаққа алынған еді. Кейін тергеу қапасына қамалды. Ертаевқа РБК банкінің директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болған тұста ауыз жаласқан компанияларға қайтарымсыз несие алып беріп, 80 миллион доллар жымқырды деген айып тағылған.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей тарапы оны Қазақстанға қайтарудан бас тартып келген болатын.