Алтын ұяң Алтындай жарқырасын!

Бүгін Астанадағы Алтынбай бауырымыздың үйіндегі алтын келініміз Алманың  туған күні!   Алтынбайдың  мерейлі жасына  көп ұзатпай қуып жеткенің  құтты болсын, Алма!

Алтынбай мен Алманың шаңырағынан қонақ үзілмейді. Алманың қара қазаны оттан түскен емес. Бір тобын  шығарып салса,  екінші тобын қарсы алып жатады. «Қырықтың бірі – Қыдыр» дегендей, елдің ақ тілегі Алланың назарына ілініп,  алтын ұяларың шапағат пен шаттыққа бөлене бергей!  Алтын асықтай ұл-қыздарың жұлдыздарыңа айналып, жарқырай берсін! Ризық-несібелерің мол, денсаулығың зор болсын! Алла жар болып,  рахымына бөлей берсін!

Ақ пейілмен  ұсынған халқына асын,

Сендермен ел  әрдәйім   сән құрасын!

«Алтын Алма» дегенді тауып айтқан,

Алтын  ұяң  Алтындай жарқырасын!

Құрметпен, достарыңның атынан Қазыбек - Жәннат