Астанадағы түнгі клуб басшылығы сал ауруына шалдыққан қыздан кешірім сұрады

Себебі көңіл көтеру орнының күзетшілері Кәмила Шоқанованы «массың» деп клубқа кіргізбей қойған, - деп хабарлады КТК арнасы.

Кәмила  Шоқанова, Астана қаласының тұрғыны:

Сен «массың» деп келеке етті. ДЦП яғни церебральді сал ауруына шалдыққанымды дәлелдейтін медициналық анықтамамды да көрсеттім. Бірақ мазақ қылуларын қоймады. Мүмкіндігі шектеулі адам ретінде намысыма тиді. Сонда біз ешқайда бармауымыз керек пе?

Кәмила Шоқанованың ашуына тигені   өзін  есік аузынан қайтарған күзетшілер жаңа жылдық кешке шала мастарды кедергісіз өткізген. Ал 28 жастағы қыз құқығының бұзылғанын қауіпсіздік қызметкерлеріне түсіндіре алмағанына өкінеді. Тіпті дау шыққан сәтте  түнгі клуб әкімшілігі де  ешқандай шара қолданбаған. Жаңа жылдық мерекесінің шырқы бұзылған бойжеткен болған жайтты ақпарат құралдарына жариялаған соң түнгі клуб басшылығы  төбе көрсеткен. Олар сал аурына шалдыққан Кәмила Шоқановадан кешірім сұрап, қателік жіберген күзетшілерін жазалайтынына сендіріпті.

Максим Шахов, түнгі клуб басшысы:

- Болған оқиғадан соң Кәмиладан кешірім сұрадым. Қызметтік тексеріс жүргізіп камерадан жазбаны қараған соң бізден ағаттық кеткенін түсіндік. Енді Кәмиламен әлеуметтік жобаны қолға алу жөнінде келісіп отырмыз. Себебі дәл осындай жағдай  басқа  да көңіл көтеру орындарында қайталануы мүмкін ғой. Бұған жол бермеуіміз керек деп ойлаймын.